ЖОБА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША

"Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты" ЖШС ҚР БҒМ ҒК "Өсімдіктер биологиясы және Биотехнологиясы институты" РМК-мен және жеке партнер "Eurasia Agro Holding" ЖШС-нің қатысуымен ҚР БҒМ ҒК "Ғылым қоры" АҚ-ның «Клондық микрокөбейту және зақымдаушылар мен ауруларға қарсы біріктірілген жүйе негізінде агротехникалық өсірудің биотехнологиялық әдістері көмегімен турангалық терек пен теректің буданды формаларын Қазақстандық селекциясының таңдаулы егін материалын сату мен өндіру ұйымы» жобасын жүргізуде.

Жобаның міндеттері

Қазақстан селекциясының турангалық терегі мен терек будандарының элиталық көшеттерін көгалдандыру ұйымдарына, фермерлік және бау-бақша шаруашылықтарына, орман питомниктеріне, халықтың қалың тобына және өнеркәсіптік плантацияларды отырғызатын компанияларға өндіру және сату.

Жобаның мақсаттары

  • Турангалық және гибридті теректерге клональды микрокөбейту
  • Жылыжайда көшеттерді өсіру
  • Көшеттерді питомникте өсіру
  • Біркелкі көшеттерді шығару
  • Көшеттерді сату

Аяқталған жобалар

Біз қалай жұмыс істейміз

Фотогалерея

Біздің өнімдер

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕРЕК БУДАНЫ

Аталық формасы, орташа агротехникада жылдық өсім 3м және 5-7 жылда 12-15 м биіктікке дейін, діңінің диаметрі 20 см кейде одан да көп өседі. Аязға (- 42°С дейін), ыстыққа (+45°С дейін) және құрғақшылыққа, тұзды топыраққа, уақытша су басу кезеңіне де (1 айға дейін), аурулар мен зиянкестерге, қатты шаң мен газға төзімді, жел мен қар көшкіні кезінде зақымдалмайды.

Толығырақ >>

«ПРЕВОСХОДНЫЙ» ТЕРЕК БУДАНЫ

Гибрид Болле және Бахофен ақ терегінің секцияларын будандастыру арқылы алынды. Аналық формасы, бірақ өте аз мамық шығарады. Орташа агротехникада жылдық өсім 3 м және одан да көп, 5-7 жылда 12-15 м биіктікке жетеді, діңінің диаметрі 16 см және одан да көп болады.

Толығырақ >>

"39/64" ТЕРЕК БУДАНЫ

Орташа агротехникада жылдық өсім 3 м және одан да көп, 5-7 жылда 12-15 м биіктікке жетеді, діңінің диаметрі 20 см және одан да көп болады. Көп жылдықтары 33 м биіктікке жетеді.

Толығырақ >>

ТҮРЛІ ЖАПЫРАҚТЫ ТҰРАҢҒЫ

Тұраңғы – талдар туысына (Salicaceae) жататын, терек тұқымдасты (Populus) жапырақты ағаш - Орталық Азияның эндемиялық, реликтік ағаш өсімдіктері болып табылады.

Толығырақ >>

"1967"ТЕРЕК БУДАНЫ

Орташа агротехникада жылдық өсім 3 м және одан да көп, 5-7 жылда 12-15 м биіктікке жетеді, діңінің диаметрі 16 см және одан да көп болады. Көп жылдықтары 33 м биіктікке жетеді.

Толығырақ >>

"1/86" ТЕРЕК БУДАНЫ

Орташа агротехникада жылдық өсім 3 м және одан да көп, 5-7 жылда 12-15 м биіктікке дейін, діңінің диаметрі 20 см және одан да көп болады. Аязға (-42°С дейін), ыстыққа (+45°С дейін), құрғақшылыққа, тұзды топыраққа, уақытша су басу кезеңіне де (1 айға дейін), аурулар мен зиянкестерге, қатты шаң мен газға төзімді, жел мен қар көшкіні кезінде зақымдалмайды.

Толығырақ >>

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Көшеттерді сатып алудан басқа, сіз тамырды қорғаныш-ынталандырушы құраммен және гидрогельмен өңдеу қызметіне тапсырыс бере аласыз. Сонымен қатар біздің мамандар питомниктерге, орман алқаптарына көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстары бойынша жобаларды дайындап қажетті есептерді жүргізе алады. Көшеттерді көтерме сатып алу кезінде – 100 дана және одан да көп көшеттерге, тамыр жүйесін өңдеу бойынша қызмет сыйлыққа ұсынылады.

Толығырақ >>

Теректің көшеттеріне немесе сүйемелдеу қызметіне өтінім жасау

Саженцы
Саженцы

Біздің мекен-жайымыз:

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
Рахат шағынауданы, Күлтөбе көшесі, 1 үй

Сайт бойынша іздеу:

Картадан табыңыз