“Молл Апорт” аумағында ормандарды қалпына келтіру жобасының аясында орман белдеуіне арналған биіктігі 3 м-лік 800 дана және 5000 данаға жуық қорғаныш қосылыстарымен өңделген көшеттер отырғызылды.
“Молл Апорт” базасында көрнекілік орман плантациясын жасау және көшеттерді көбейту үшін терек питомнигі құрылып екі жақты серіктестік жасалынды. Жобалау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын және Drone Deploy бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып картографиялау әдістері қолданылды.

     

Жоба Қазақстан Республикасының Ғылым қоры, Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин институты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты «Евразия Агро Холдинг» ЖШС-нің бірлесіп қаржыландырған жұмысының арқасында мүмкін болды. Іске асыру және ғылыми қолдау ҚАЗӨҚжКҒЗИ мамандарының қатаң басшылығымен жүзеге асырылады. Аймақта пайдаланылған көшеттер терек мамықтарының пайда болуын болдырмайтын микроклоналды таралу технологиясын қолдана отырып, институттың питомнигінде өсірілді.