2019 жылы наурызда Өсімдіктерді қорғау және карантин институты Көк-Төбе саябағын абаттандыруға тікелей қатысты. Саябаққа Қазақстандық 3500 гибридті гипоаллергенді теректер және биіктігі 2,2 метрге дейінгі 500 майда жапырақты қарағай отырғызылды. Кейінірек, екпелерге мониторинг жасалынып, жапырақтарға қоректендіру жұмыстары жүргізілді. Мамыр айының екінші жартысында көшеттерді зиянкестерден қорғау бойынша биологиялық бүркулер жасалынып, жапырақтарды қоректендіру қайтадан жүргізілді. Сонымен қатар ағаштардың айналасындағы арамшөптерге гербицидпен бүркулер жүргізіліп, жапырақтарды қоректендіру жұмыстары қайталанды. Жүргізілген барлық кешенді іс шара аймақта отырғызылған ағаштардың толыққанды өсуіне қолайлы жағдай жасап қана қоймай, саябаққа серуендеуге келген қонақтардың өздерін жақсы сезініп жоғарғы көңіл күйде болуларына септігін тигізеді деп сенеміз.