Семей көшелерін абаттандыру үшін биіктігі 2-3,5 метр болатын екі жылдық гибридті теректер қалаға жіберілді. Теректермен бірге биіктігі 1,5-2 м 900 дана акация және биіктігі 1,5-2 м 900 дана майда жапырақты қарағай жеткізілді.

Көшеттердің өнімділігі мен өсуін арттыру үшін ғалымдар әртүрлі аквасорбенттер мен өсімдік өсуін реттеуіштерді қолданды. Мамандар ғылыми қолдаумен көгалдандыру жоспарын дайындаудан бастап көшеттерді егу жұмыстарына қатысып, одан кейінгі күтіп-баптау кезеңдеріне ұсыныстар берді.