Жоба аясында «AlmaGreenFields» ЖШС қазақстандық сұрыптағы 2500-ге жуық терек көшеттерін сатып алып отырғызды. Аймақтың периметрі бойында жел тосқауылын жасау үшін тез өсетін гипоаллергенді теректер пайдаланылды. 2020 жылы жоба жалғасады деп жоспарлануда. Компания аумағында одан да тез өсетін теректер егіледі.